Өлең, жыр, ақындар

Қарашада қар астында бір гүл тұр...

Таң алдында түн жәннатқа малынып,
Тамшы тұнған жас құрақ гүл жамылып...
Көкте жұлдыз жасырынбақ ойнайды,
Ай артынан жалғыз шолпан табылып...
Жаным сонда сені аңсадым, тағы да,
Жанарымда мөлдір шық бар, жабығып...

Күн күлімдеп төккен кезде арайын
Күтем ылғи, тереземнен қараймын
Күз де, жаз да, өтіп жатыр, көктем жоқ
Мазақ қылып, махаббаттың "малайын"
Жаным сонда, жабырқадым сені ойлап,
Сағыныштан сарғайып жан сарайым.

Қысқы күндей қысқа ғана ғұмырда
Қырау түссе, қайтем мына бұрымға?
Қарашада қар астында бір гүл тұр...
Көктем ерте жетсе екен деп, жылуға.
Сүйген жүрек, мәңгілікке солмайды,
Сен де жаным, жабырқама, суынба!

Шынар Кендін. 11 қыркүйек, 2018 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз