Қазіргі ахуал

Қымбаттауда бәрінің де бағасы,
Халқымыздың болмай тұр-ау шарасы...
Шарықтаған бағалардан өзгерек,
Арзандаған адамдардың санасы.

Арзан, арзан, рас біздің санамыз,
Арзан сөзге тез алданып қаламыз.
Бейтаныстың бір айтқанын құп көріп,
Өзімізге қол да жұмсай саламыз.

Төмендеуде, төмендеуде құнымыз,
Қызша қазір киініп жүр ұлымыз.
Шығармайық естен мына нәрсені:
Біз тек қана бір Алланың құлымыз!

Бәріміз де рухты қазақ баласы,
Болайықшы өзара біз жанашыр.
Базардағы барлық баға төмендеп,
Санамыздың көтерілсін бағасы!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)