Өлең, жыр, ақындар

Қыздарға

Қазір қыздар ашық-шашық киінеді,
Бірақ оған қазір кімдер күйінеді?
Ерлеріміз жөн сілтеудің орнына
Алдарында аузы ашылып,иіледі

Ай қыздар-ай не болып барасыңдар,
Сол киімнен қандай пайда табасыңдар.
Етек жауып дұрыстап жүрсеңдерші,
Біле білсең болашақ анасыңдар.

Жабық көйлек,қамзол,шолпы жоғалды
Киетіні джинсы,мәйкі боп алды
Ұлттық киім,жаулықпенен кимешек
Шынын айтса, ұмыттық біз оларды

Осы өлеңнен тәрбие алсын кейбір қыздар,
Өлеңімді оқығанда жүрек сыздар,
Қазірден киінуді дұрыс қылып,
Салтымызды құрметтейтін шығарсыздар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз