Өлең, жыр, ақындар

Мейлі! Мейлі!

Қарағаның қимай-қимай тамсана,
Шексіз бақыт сыйлар маған қаншама.
Мен бағымды іздемеймін өзгеден,
Махаббатың қанша əуреге салса да.

Орның қалды жүрегімнің төрінде,
Мейлі! Мейлі!
Көрінбесең көрінбе!
Дегенменен сыздатпашы жүректі,
Керек маған сағынғаның сенің де.

Қарайлаймын сенің жансыз бейнеңе,
Мейлі! Мейлі!
Сөйлемесең сөйлеме!
Күн нұрындай күлімдейсің бірақ та,
Сезінбейсің сүйерімді сен неге?!

Көзім қалды сенің мөлдір көзіңде,
Мейлі, мейлі!
Сезінбесең сезінбе!
Саған ешбір өкпе-назым жоқ менің,
Барлық кінə мына менің өзімде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз