Өлең, жыр, ақындар

Астана - жиырмадағы жас қала

Жүрегінде жүрегінің ғаламның,
Орын алып мәңгілік жол бастаған.
Жиырмадағы жас қалам - Астанамның
Келбеті дүйім жұртты тамсандырған.

Тәуелсіздік еді басты ұраның,
Мәңгілік ел болу - айқын мұратың.
Қиын қыстау кезеңде қайыспаған
Қазағымның төсінде орын таптың.

Көз тойдырар аспаншыл сәулеті үшін,
Кең дархан сарқылмайтын дәулеті үшін,
Мен ұнатам елордамды қазағыма
Келешекке сенім берген әлеуеті үшін.

Жүйрік желің теңеймін мен уақытқа
Сырлы аспаның жанға дәру азықтай.
Кермиық далаңда өскен әр қазаққа
Болдың жарық жұлдыз темірқазықтай.

Жер шарындай Нұр әлемі қаланды,
Барша халық ағылған бір көруге.
Болашақтың қуат көзі ғаламды,
Ойландырған ең түйткілді мәселе.

Елордам - жастарға рух берген қала,
Бағдары - айқын, болашағы - жарқын қала.
Бірлік пен тұтастықты мақсат еткен
Өркениеттің ошағы - Нұр-Астана.

Астана, сәтті болғай әр бастамаң,
Толағай табыстарға жол бастаған.
Сарабдал басшысымен қазақ елі
Еңсермек талай асу, талай заман.



Пікірлер (1)

Гулнур

керемет ❤❤❤❤

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз