Өлең, жыр, ақындар

Әбіш аға біз үшін ұлы тұлға

Әбіш аға біз үшін ұлы тұлға
Жүректерге мәңгілік із салуда
Жазғандарын оқысам тебіренем
Көңіліме көп нәрсе ұғынам да.

«Үркер» мен «Елең-алаң» кітаптары
Ішінде тарихы мол кісі аттары
Әбілқайыр өмірін жаңғыртам деп
Өзіне өлшеусіз-ақ жүк артқаны.

«Шыңырауы» ерекше бөлек дүние
Маңғыстаудың түлегі болғасын ба?!
Кейіпкері дәл шындық күйде
Әр сөзі салмақты қорғасындай.

Өлеңдері,драма,әңгімелер
Стилі де ерекше дара өнер
Зиін қойып жазғанын оқысаңыз
Кіші жүздің тарихы іргеленер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз