Өлең, жыр, ақындар

Ынтымағы жарасқан елміз

Жарасқан шүйгін, кең жайлау,асау өзен,
Асқар тау, көркем орман, көркем бел.
Лебі жұпар ерке жел,
Жанға сая Отанымыз-Қазақстан көркем ел.

Сан ұлттар мен ұлысқа болған пана,
Сендей дархан дана ел тек мұнда ғана.
Дүбірлетіп тойладық мерекені,
Қазақстаным ынтымақпен бірліктің құт мекені.

Мақсат біреу, мүддесі айқын мемлекетпіз,
Болашаққа нық қадаммен аттанған.
Мың сан ұлттың өкілдері оған куә,
Елбасының саясатын жақтаған.

Украиндық, өзбек,армиян,грузиннің,
Болса дағы өз отаны, мекені.
Бауыр басты Қазақстанға жатсынбай,
Мерекені дүбірлі шат-шадыман тойлады.
Үзілмесін ынтымақтың алтын жібі,
Ашылмасын достықтың ара жігі.
Сұқ көзінен дұшпанның аман болып,
Бұзылмасын ешқашан ел бірлігі.



Пікірлер (2)

Аружан

Рымбай Еңлік Айдос қызы. Қарақаралы ауданы деп жазудың қажеті жоқ, жәй ғана авторы өзім дегенді белгілесеңіз жеткілікті

Модератор

Авторы өзім деген белгі бар, сол белгіні басу керек, мына жерде толық жазылған: http://bilim-all.kz/page/8

Сол жерден қарап өлеңдерді өңдеуге де болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар