"ОЯН"

  • dosym
  • 09.11.2018
  • 0
  • 1
  • 167
Әтеш үнін шығарып,
Күнде шықты қызарып.
Оянды ерте даламыз
Нұр-шуаққа боялып.
Достым сенде қарашы
Жан-жағыңа бұрылып.
Айналаң жүр дамылсыз
Адал терге булығып.
Достым сенде қарашы
Анау тұрған айнаға.
Айна айтар шындықты
Ойлан енді жайғана.
Ғаламторды ақтарып
Жатқан сондай қызық па?!
Санамызды уламай
Оян қане құр жатпа.
Телефонды тастағын
Алмастырып "Тарихқа"
Кітап сенің жолдасың
Мәңгі қалар жаныңда.
Ырысың мен малыңды
Жатқа беріп сорланба
Сенде оянсаң бұл күні,
Шыңға шығар күн алда.


Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

Модератор

Сайыс шарттарының бірі: Ақындар порталға тіркеліп, өлең-жырларын енгізулері керек. Яғни өзі тіркеліп, өзінің атынан жариялауы керек. Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)