Өлеңдер бөлімі

Бауырларым

  • mendi
  • 12.11.2018
  • 0
  • 4
  • 5327
Бауырларым, менің жан бауырларым,
Бір ошақта, бірге өскен, бір ұяда.
Бөлек өмір, бөлекше тағдырларың,
Бөлек ғұмыр кешеміз әр қияда.

Бұл күндері тірлік те, жәй да бөтен,
Жүздесуді- хат-хабар алмастырған...
Сағыныштың салмағы қиын екен,
Арамызды телефон жалғастырған.

Тәтті шақтар түседі кіл есіме,
Бірге отырған басында дастарқанның.
Әкеміздің таласып тізесіне,
Анамыздың қаужаған таба нанын.
Асық ойнап, біріміз кітап оқып,
Қаумалаушы-ек, жарығын білте шамның...

Жылдар өтті, біз өстік, ұштық түлеп,
Бауырлардың сиреді қатарлары...
Сағынады елжіреп ыстық жүрек,
Туғаныңды таусылған татар дәмі...

Бауырлармен дін-аман өмір сүру-
Біле-білсең,қонғаны маңдайға бақ!
Бірге тумақ болғанмен, бірге жүру,
Жоқ екенін дәл айтқан атам қазақ!

Ес жинап, етек жапқан кезде есейіп,
Сендерді жиі-жиі сағынамын.
Амандықпен әрқашан кездесейік,
Бауырларым, менің жан бауырларым!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (4)

Балауса

кім шығарсада күшті шығарған

жанерке

1 орыналамн

мукаррам

маған өте ұнады күшті

Эльмира

Дәл айтылған, маған да ұнады.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...