Өлең, жыр, ақындар

Қалалары елiмнiң

Қаласы бар елiмнің,
Әдемі де көрікті.
Әрқайсының орны бар,
Еуразияға танымал.
Целинный деп аталған,
Мiне бүгін Астана.
Еуразияға танылған,
Сәулетті де жас қалам.
Тағы да бар бас қалам,
Болашаққа жол ашқан,
Тәуелсіздік отаны,
Алматы деп аталған.
Түркі әлемі бас иген,
Қожа Ахмет, Арыстан баб,
Абылайдан хан болған .
Дамуына елiмнiң,
Осы жерден басталған.
Мәңгілік елдің ошағы,
Бабаларымыз нәр алған.
Рухани біздің Түркістан,
Болашаққа жол ашқан,
Ұлы дала, тәуелсіз елiм, тұғырым ,
Өркендей бер, өркениетті қаламның.
Мақтанамын елбасы мен дағы,
Қазақ болып туғаныма ризамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар