Өлең, жыр, ақындар

Ақын әйел

«Әлем мен бесікті тербеткен жандарға поэзияны
тербету қиындық келтірмес...»
Әкім Ысқақ

Ақын – әйел, ақын-ана қандай-ды?
Көкірегін сан мың тағдыр тырнайды
Ер мінезді өн бойына тіктеп ап
Әйелдердің қырық жанын жырлайлы.

Елім дейді, ерім дейді , ошағым,
Өмірінде бір жол және қос ағын.
Оң қолында қаламы, ал екінші –
Болашаққа дайындайды жасағын.

Қазанымен қоса шабыт қайнатып,
Ойындағы жүр бұлбұлын сайратып.
Дәмдеуіштер себелейді дәмді етіп,
Жырыменен дастарханын жайнатып.

Ақын-ана «балам» деп көз ілмейді,
Шіркін,бірақ, шаршауды сәл білмейді.
Түн ұйқысын төрт бөледі әлдимен,
Бесігімен жырын бірге тербейді.

Ақын-ұстаз ерекшелеу дәрісі,
Жазылады,жатталады әр ісі.
Асыл жыр боп өрілген өр жолында,
Шәкірттері еңбегінің мәнісі.

Ақын-әйел, ақын-ана қандай-ды?
Жыр-қанаты шындық тауын шарлайды.
Мың құбылған тіршіліктің тегісін
Қалам және қағазымен барлайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Желтоқсанда...

  • 0
  • 0

Желтоқсанда желді ысқырық әні бар,
Желтоқсанда көз жасымның мәні бар:
Қыршын кеткен өрімдерге жан күйсе,
Желтоқсанда қуаныштың дәмі бар.

Толық

Тоғысқан тағдырлар

  • 0
  • 0

Кірпігіне мөлдір тамшы ілінген,
Көздерінен қара бұлты көрінген.
Келе жатып саябақта жайдары
Мұң қоршаған сұлу қызды көрдім мен.

Толық

Жерімді сатпа

  • 0
  • 0

Ей, ұлылар ұрпағы,
Жүйіткіп шабар тұлпары,
Жерімді менің сатпашы.
Қанменен келген ызғары,

Толық

Қарап көріңіз