Өлең, жыр, ақындар

Ақын әйел

«Әлем мен бесікті тербеткен жандарға поэзияны
тербету қиындық келтірмес...»
Әкім Ысқақ

Ақын – әйел, ақын-ана қандай-ды?
Көкірегін сан мың тағдыр тырнайды
Ер мінезді өн бойына тіктеп ап
Әйелдердің қырық жанын жырлайлы.

Елім дейді, ерім дейді , ошағым,
Өмірінде бір жол және қос ағын.
Оң қолында қаламы, ал екінші –
Болашаққа дайындайды жасағын.

Қазанымен қоса шабыт қайнатып,
Ойындағы жүр бұлбұлын сайратып.
Дәмдеуіштер себелейді дәмді етіп,
Жырыменен дастарханын жайнатып.

Ақын-ана «балам» деп көз ілмейді,
Шіркін,бірақ, шаршауды сәл білмейді.
Түн ұйқысын төрт бөледі әлдимен,
Бесігімен жырын бірге тербейді.

Ақын-ұстаз ерекшелеу дәрісі,
Жазылады,жатталады әр ісі.
Асыл жыр боп өрілген өр жолында,
Шәкірттері еңбегінің мәнісі.

Ақын-әйел, ақын-ана қандай-ды?
Жыр-қанаты шындық тауын шарлайды.
Мың құбылған тіршіліктің тегісін
Қалам және қағазымен барлайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақыт бағы

  • 0
  • 1

Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Толық

Қанағат керек

  • 1
  • 2

Керек емес сенің байып-шіруің,
Одан жақсы еңбектене күлуің.
Керек емес қымбат көлік мінуің,
Одан жақсы қол ұстаса жүруім.

Толық

Жырласа жастар жырласын

  • 1
  • 0

Басыңа жеткен кезде бостандығың,
Тіліңді білмегенің қастандығың.
Анасын күткен сәби секілденіп,
Жәутеңдеп кешпесін күй тастандының.

Толық

Қарап көріңіз