Өлең, жыр, ақындар

Бақыт бағы

Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

Жанымда жүрген кезде жақсыларым,
Деймін қалай басымда тапшы бағым.
Аллам өзі саулықты нәсіп етсін,
Жүзімдегі шаттыққа сақшыларым.

Әке-ана – алтыннан қымбат бағаң,
Біздер үшін тіленбей күн батпаған.
Сүрінгенде демейтін қос қанатым
Сіздер барда қайғы да жұмбақ маған.

Бауырларым - көзімнің қарашығы,
Сіздерменен көңілдің дара шыңы.
Сіздер барда хақым жоқ түңілуге
Бойымдағы сабырдың жанашыры.

Асыл жарым – жанымның тең тірегі,
Сезімдердің шәрбәтін сездіреді.
Қорғаным деп риясыз сенем бекем
Ақ жүрегің бәріне төздіреді.

Балам менің,
Ел алдында беретін бағам едің,
Бар бойымды өзіңе көшірмелеп,
«қанатымды құлаштап қағам» дегін.
Жолыңда сенің құрбан болар едім.

Өмірдің басам талай баспалдағын,
Сіздермен жазам талай дастандарын.
Бақытымның бағында шырқай берем
Сіздер барда сыннан да жасқанбадым.
Көңілдерді кір шалмай жүрсе болды,
Шаңына да тұрмайды басқа арманым.



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Желтоқсанда...

  • 0
  • 0

Желтоқсанда желді ысқырық әні бар,
Желтоқсанда көз жасымның мәні бар:
Қыршын кеткен өрімдерге жан күйсе,
Желтоқсанда қуаныштың дәмі бар.

Толық

Жерімді сатпа

  • 0
  • 0

Ей, ұлылар ұрпағы,
Жүйіткіп шабар тұлпары,
Жерімді менің сатпашы.
Қанменен келген ызғары,

Толық

Тәуелсіздік ақ таңы

  • 0
  • 2

Күнім нұрлы, түнім жарық,
Асыл мамық жастандық.
Жүрек жылы, ойым анық
Рахмет, саған, Бостандық!

Толық

Қарап көріңіз