Өмір сүру керек

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ
тарапынан жарияланған
сайысқа


Өмір сүру керек

Өмір сүру керек-
Адамдардың ала жібін аттамай,
Пенделердің қателігін даттамай,
Жаман қылық бойларыңа жаттамай.

Өмір сүру керек -
Бақыт қонған әр сәтіңді бағалап,
Отбасыңа тілеп жүріп адал бақ,
Адалдықтың ақ жалауын паналап.

Өмір сүру керек -
Зиянкесті әдеттерге жоламай,
Денсаулықты шылым шегіп уламай,
Ащы суға өміріңді байламай.

Өмір сүру керек -
Кейінгіге із қалдырар тұлғадай,
Ата-анадан дара туған тумадай,
Болашақты болжай біліп туралай.

Өмір сүру керек -
Мақсатыңа талмай самғап жетуге,
Арманыңа асқақ биік қол созып,
Ата-анаңды мәртебелі етуге.


С.Сейфуллин атындағы
№165 орта мектептің
10 сынып оқушысы
Сағынтайқызы Аяулым


Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)