Эссе және өлең-жыр байқауы

Бауыр барда!

Бауыр барда!
Бауыр барда бақытсызбын дей көрме,
Өз басыңның қамын ғана жей көрме.
Қан мен жаның бір тамырдан жаралған,
Бауыр барда,
Бақытсызбын дей көрме!

Кейде реніш,
Кейде ыза болсада,
Ақ көңілің қара ашуға толсада.
Ең қымбаты,ең ардағы бауырың,
Арадағы жылулығы солсада.

Ауыр айтпа,
Көңіліне қадама,
Жанжалдасып,ала көзбен қарама.
Бауырыңды «бауыр етім» деп сана,
Екі туып бір қалғанға балама.

Бір құрсақта,бір жүректен шықтыңдар,
Бір ақылды,бір дүрсілді ұқтыңдар.
Бірге жүріп,бірге өсіп ержетіп,
Бір-біріңе шаранамен жұқтыңдар.

Тірі кезде алыспаңдар сақтаңдар,
Не жағдайда бір-біріңді жақтаңдар.
Шайтан келіп күнәлісің деп қалса,
Періштедей бір-біріңді ақтаңдар.

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (9)

Ағжан

Өте керемет жүрекке жететін сөздер. Өнерің өрге жүзсін. Бауырлар аман болсын!

AmirzhanErasyl

Маған Өте Керек Еді Маған ӨТЕ ӨТЕ ҰНАДЫЫ!!!!!!!!!!!!

Noya

Керемет жазылган

Сәуле

Керемет!!! Дәл тауып айтқан.

Аяулым

Өте керемет терең мағыналы сөз жоқ

Ұлбосын

Алла разы болсын.

Бауырлар аман болсын!

Бауырлар аман болсын!

Гульзия

Оте керемет создер бауырлар Аман болсын иншалла

Ия өте керемет

Ия өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...