Өлең, жыр, ақындар

ҚАЗАҚ ДЕГЕН…

Тәнімде тулап ыстық қаным,
Қазақтықтан жаратылған жаным.
Қазақ деген айбынды ұлт,
Біле білсең сен шет ел шырағым.

Қазақтың қаймағы бірлігінде,
Қазақтың айбыны жүрегінде.
Қор етпе, мазақ етпе, қазақты!
Қазақ ұлы тарих тереңінде.

Қазақтан шыққан данышпан да,
Кемел ойына бағынып дұшпаны да.
Қазақтан шыққан батырда,
Ел үшін, қолына ұстап ақ найза.

Кешегі өткен дара Жамбылым,
Мәңгілік өшпес алтын тарихым.
Бүгінгі өркенді Шаханов, Ринатым,
Ертенгі күнге қалар ұлы ақыным.

Қазағым жеңілмес майталманым,
Оған куә кешегі кешкен майдандарың.
Қазағым қайтпас оттай жалыным,
Оған куә кешегі желтоқсан бозғындарым.

Бірлігі бекем ұлы халқым,
Жасай берші гүлденіп көркің.
Желбіренсінші самғап Көк туым,
Құрбан жолыңда менің жаным.

Қазақ деген айбарлы ұлы тау,
Шыңына қайратсыз шығалмас-ау.
Қазақ деген киелі жұрт,
Сыңына жалынсыз төзбес-ау.

Қазақтан шыққан дара ақындар,
Шындығын жырымен тамызар.
Бүгінде Шаханов, Ринат ағам,
Нағыз жалынды ақиық ақындар.

Жайнай бер Бәйтерегім-Астанам!
Кемеңгер Нұрсұлтаным басқарған.
Ел қамын ойлап, елін жақтаған,
Нұрсұлтандай ел басымен мақтанам!

Кешегі өткен Абылай,
Азат халыққа мәңгілік жаңғырғай!
Келешекті ертеден ойлаған,
Абайымды Қазағым ұмытпағай.

Батыр бар қазақта Баяндай,
Жері үшін, жанын берген аянбай.
Ал ендігі жас ұрпақ жалындарым,
Тарих бабаларымызды есіне сақтағай.

Сөзге келсек қазақ үшін сөйлейтін,
Шет ел асып, қазақ үшін тыным білмейтін.
Қасым-Жомарттай ағамыз бар,
Ел ертеңі үшін маңдай термен терлейтін.

Жайнай берсін нұрлы Астанам,
Аман болсын Ағамыз ел басқарған.
Ел мақтаған жанды Алла қолдаған,
Аман есен жүзге келсін нұр ағам.

Қазақ үшін жазылар жыр дастаным,
Аман-есен болсын елім, асқарым!
Бірлігіңе бекем бол түңілмей аспаның,
Бүлінуде, бүлігуде қазір қас қағым.

Азаттық үшін күрескен бабалар,
Бүгінгі күнді бейбіт етіп айқындар.
Дініңе қазағым берік болыңдар,
Алауытқан, харам діни ұйым бар.

Кешегі қайтпас бабаларыммен мақтанам,
Бүгінгі ел басқарған ағалар мен марқаям.
Бауыржаным, Әлиям, Мәншүгімдей ел қорғаған,
Қазақтай батырларымды есте сақтағам.

Қазақ десем жырласам көп тарих,
Қанат жайып, көк аспанға қырандай.
Қазақ десе тұрама жүрек тән оянбай,
Қарсы тұрам кез келгенге Қазақ үшін аянбай.

Авторы : Серік Қозыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз