Өлең, жыр, ақындар

КӨК ҚАҒАЗ


Қолды байлап тұр көк қағаз,
Жолды бөгеп тұр көк қағаз.
Жалғанда мына бес күндік,
Бар мəселені шешті көк қағаз.

Көк қағазсыз сыйың жоқ,
Байларға қазір тыйым жоқ.
Бұрын адам ең қымбат еді,
Ал қазір кетті ол тиын боп.

Əділдік айтсаң тіл кеспек,
Қоғамнан бəрі бөлектеп.
Жағымпаз арсыздың бағы,
Жанып тұр көкте жұлдыз боп.

Төрелік айтар би қайда?
Кедейге де, байға да.
Бүгінгі төренің ойлағаны,
Əділдік емес пайда ғана.

Жағымпаздар төрге шықты,
Арсыздың бүгін түбі мықты.
Шындық айтқанның бəрі де,
Жау саналып қара ниетті.

Авторы: Серік Қозыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз