Өлең, жыр, ақындар

"Бір адам бар"

Бір адам бар жақсылықты қалайтын,
Бір адам бар пенделерді алдайтын.
Бір адамның шырайында күлкі жоқ,
Бір адам бар жүректерді баурайтын.

Бір адам бар пенделерге "мен" дейтін,
Өзімсініп, өзгелерді көрмейтін.
Бір адам бар жүрегі аппақ, тап-таза,
Ар күзетіп, " арлы" іске "кел" дейтін.

Бір адам бар көксегені тек байлық,
"Айға шауып алсам екен көп айлық"
Ол адамның тəні сұлу болғанмен,
Жүрегі мен жаны қалған қартайып.

Бұл фəниде құрттай қайнар "соқырлар",
Жанар көрер, бірақ жаны "соқыр да".
Таңдау сенің, сенің ғана қолыңда
Қай адамсың, өзің таңда,оқырман



Пікірлер (2)

Муханова Алия

Керемет өлең,жарайсыз

Мухаммеджан

Оте кушти

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз