ҮМІТІҢДІ ҮЗБЕ АЛЛАДАН!

Байқадым барын өкпеңнің
Өмірге бекер кектендің
Үмітті үзбе Алладан
Күз болса мейлі көктемің

Алдайды талай ақ арман
Үзбеші үміт Алладан
Бақытсыз болу үшін сен
Туылған жоқсың анаңнан.....

қайырмасы
Өмір кино, өмір ғажап тәтті әнің
Бұл күн сенің ең бақытты шақтарың.
Бақыт іздеп әуре болма себебі
Нағыз бақыт өмір сүріп жатқаның...


Таршылық көріп тұрмыстан,
Қалғанда шығып жұмыстан.
Кетседе бәрі жаныңнан
Үзбеші үміт Алладан...

Махаббат, достық білемін,
Мәңгілік емес екенін.
Алладан кейін Ата-на
Жалғанда жалғыз сенерің...
ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚАЙРАТ

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)