Өлең, жыр, ақындар

Біз қазақпыз!

Біз қазақпыз, ешкімге дес бермеген,
Тоқым тоқып, шаруаға кестеленген.
Қазақтарды"Қой" мінез дегенменен,
Бас көтерсе ешкімге төс бермеген.

Біз қазақпыз қасқыр мінез айбатты,
Берілмейміз, жолбарыстай қайратты.
Ата-баба дәстүрінен аттамайтын,
Біз қазақпыз, өте шыншыл салмақты.

Біз қазақпыз,намыс оты лаулаған,
Тарихпенен бар әлемді жаулаған.
Мұқағали, Абайларын паш етіп,
"Қазақ"аты бар әлемге қаулаған



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз