Төлеген Айбергеновке

Тербеткен туған жерді жырыменен,
Мен сізді білмеппін ғой шыныменен
Ойдан шың, от сезімнен тау тұрғызған.
Мың жылда бір-ақ туар ұлы дер ем.
Жасынсыз жыр көгінде жарқылдаған,
Арғымақсыз әсте дағы алқынбаған.
Әлі де талай ғасыр тасқындайсыз
Шабытпен арнасы еш тартылмаған.
Ініге аға болған бар ниетпен,
Сағынған әр шұғланы пәк жүрекпен
Сіздегі жыр-құдірет мәңгілік қой,
Туған жердің аспанын жаңбырлы еткен.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)