Өлең, жыр, ақындар

Қайдасың махаббатым

Қайдасың сағындырған махаббатым
Мөлдіреп төккен нұрлы шапағатын?!
Мен сені іздеп жүрмін бау-бақшадан
Ғашықтар мекені деп аталатын.
Құрбым ба ең жанарыңда көктем күлген,
Елес боп қалып қойған өткен күннен?!
Жоқ әлде елік мінез ерке қыз ба ең,
Жалынды жан сырымды шертпей білген?!
Әйтеуір көңіл бүгін алқынулы,
Жан болмасам болғаны жалқы мұңлы.
Кездесші тек тезірек, өтінемін.
Қалқам боп аты зерлі, заты сырлы.
Ізледім сені түннен жанарды алған,
Іздедім таң алдыңғы самалдардан.
Түбі бір кездесер деп аңсаулымын,
Қасымнан жүзіп өткен жамалдардан.
Көңілдің сезім сырын толғайтұғын,
Шалғайдан шаттық жырын жолдайтұғын
Қайдасың менің асыл махаббатым,
Өзіңсіз бақыт басқа қонбайтұғын?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз