Азаттықтың алауы

Сексен алты отты жалын лаулаған,
Жастар шықты қан майданға таймаған,
Тайсалмастан барған сондай ерлікке,
Сол жастардың жігеріне таңғалам.
Жазаландың, абақтыға қамалдың,
Қаның ағып, былғанды пәк таза арың.
Бірақ, бірақ сол тарихтың парағын,
«Ерлік» деген ұлы сөзбен жаза алдың.
Қиылса да қыршын өмір, жастығың,
Дәлелдедің сұм өмірдің ластығын.
Төбешік боп мүрдең семіп қалса да,
Қуанышпен аймалайды тәтті күн.
Ерлік, сенім бостандыққа ұмтылған,
Елі үшін құрбан болып қыршын жан.
Естеріңде жүрсін осы жас ұрпақ,
Міне, солай тәуелсіздік күн туған.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)