Неге екенін білмеймін...

Неге екенін білмеймін, саған қарап,
Күлгім келед жымиып, бағым санап.
Сезгім келер жылулықты сендегі
Мәңгілікке жібермей құшағыма орап.

Неге екенін білмеймін, сағынамын,
Қасымда тұрсаң да сен,әсте жаным.
Бір сәтке де есімнен шығара алмай
Шырмауыққа ойымның шырмаламын.

Неге екенін білмеймін, қызғанамын,
Қызғаныштың отына жүз барамын.
Дидарыңнан аймалап өпкен желді
Көре алмай күндеп бір қызарамын.

Неге екенін білмеймін, еркелеймін,
Сезбесең де сен мұны еркің, мейлің.
Айға теңеп жалғыз-ақ аспандағы
Жарық берер қараңғыда күнім деймін.

Неге екенін білмеймін, шаттанамын,
Көрген бойда балаша мәз боламын.
Ертегідей әлемге қол ұстасып
Бірге бару өзіңмен - бар арманым.

Неге екенін білмеймін, түсінемісің?
Жүрегіме Бір үңіліп көремісің?
Ұқпаймын мұның бірін, мүмкін, жаным
Құпияны мұндағы сен білемісің?

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

сарсенбаев Сүйепберген

кім шығарған

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)