Ей қазағым, қайда кетіп барасың

Ей қазағым, қайда кетіп барасың?
Жастарың бар көрсетпейтін қарасын,
Қарттарың бар білмейтұғын шарасын,
Ана байғұс күтіп отыр баласын,
Қыздарың бар білмейтұғын шамасын,
Будаңдатып темекіні барасың
Болашақта қалай ана боласың.
Ана деген асыл адам ардақты,
Әкең болса асқар тауың салмақты,
Бар әлемнің байлығынан қымбатты
Ата - анаңнан басқа кім тәтті.
Сүрінсеңде демейтұғын қолтықтап,
Қателессең кешетұғын қатеңді,
Ей қарағым ренжітпеші анаңменен әкеңді.
Ұлдарың бар білмейтұғын ынсапты,
Тығылып ап арақ ішу мақсаты.
Ата - бабаң тазартып еді жеріңді,
Арақпенен ластадың ау еліңді.
Ата - бабаң бастап кеткен намазға,
Қиянатты жасағаның бұл аз ба?

Түнгі клуб болды сенің мекенің
Білмейсің де қайда екенін меккенің.
Ей қазағым түзе енді ойыңды,
Қағбаға бұр ендігі сен бойыңды.
Намаз оқы, таны енді тәңірді
Жеткізген саған пайғамбар бұл әмірді.
Алладан басқа тәңір жоқ
Мұхаммед оның елшісі,
деген сөздің астарын
Түсінуден сен қалдың,
Құраннан биік санадың,
Өлеңдерін Гаганың.
Ата - бабаң бисмильлях деп
бауыздаған қойын да,
Қымызбенен атқаратын тойын да
Қазір болса арақпенен өткерер
Жаназасын, ойнын да.
Мұсылманмын деп қай түріңмен мақтанасың
Мұнафиқтық белгілер өте басым.

Ей қазағым қайда кетіп барасың?
Намазың жоқ шаласың.
Байларың бар түсінбейтін шариғатты
Ұрпағыны үйретпейді қанағатты.
Алланың әмірі мен пайғамбардың сүннетін
Үйретер қарттарың жоқ салауатты.
Надандық белең алып бара жатыр.
Лақтырылып жол үстінде бала жатыр.
Ата - бабаң мұсылман болғанымен
болдың ау бұл күндері өзің кәпір.
Иегова, кришнайттер басып алып
масқара қылмасыншы бұл еліңді,
Сол кезде басқа елге құл болармыз.

Ей қазағым қайда кетіп барасың?
Қаның қазақ болғанымен өзің орыс,
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Дейтін қазақ болмай масқара боп
Жүрмейікші басқа елге масқара боп,
Сол кезде басқа елге құл болармыз
Қайтсін олар дінінен, тілінен айырылған тұл жетімді.?

Ей қазағым қайда кетіп барасың?
Білмейсің ау бұл өмірдің бағасын
Ұстап тұрғандайсың өміріңнің тұтқасын.
Өмір теңіз,
Адам балық,
Әзірейіл балықшы
Қабарсың бір күн
Әзірейіл дайындаған қармақты.
Мәңкүр Нүңкір қойғанда кеп сұрақты
Жауабымыз болмай ма деп салмақты
Ауырады жүрегім менің қатты.



Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)