ТУҒАН ЖЕРІМ-СЫР ЕЛІ

Туған жерім бас иемін өзіңе,
Мақтанамын туғаныма өзіңде.
Құндылығы ешнәрсеге жетпейтін
Сыр жеріне жетер жер жоқ әлемде.
Жыршылардың,жыраулардың мекені,
Тек өзіңнен жаралған,ақындардың жүрегі.
Алғаш рет өзіңнен жарық көрді,
Қорқыттың қобызындай еңбегі.
Марал баба мекен еткен жер еді,
Қасиеті әлемге мәлім еді.
Сарыарқадан жалғыз жеткен өзіңе,
Ақсақ қыздың тоқтауы тегін бе еді?!
Сенен тапқан Қорқыт баба өзіне,
Пана болар,ажал қашық жерді де.
Сырдарияның бойы да тегін емес,
Қорқыт бабам тартқан жер ғой күйді де.
Ұлы жүз мекен еткен жеріңді,
Ата-бабам толғауында айтып кеткен тек сені.
Сырдың жері киелі қасиетті,
Менің көзім оған толық жетеді.
Ақ күрішің біздер үшін ақ гауһар,
Сыр елінде өсіп жатқан ақ маржан.
Қазақ елін сенен шыққан күрішпен,
Бүкіл әлем,барлық ғалам таныған.
Мен өзіңмен мақтанамын әрқашан,
Сен де тұру басқаларға бір арман.
Сол арманға жету үшін әрине
Қадам басып келерсің сыр еліне.
Зымырандар сенен ұшқан аспанға,
Сен ғана тура жол ғарышқа.
Сол себепті жалғыз жер бар әлемде,
Жер кіндігі аталатын әлемде.
Айта берсем сөз жетпейді өзіңе,
Саған ешкім тең келмейді әлемде.
200жыл жасаған Сыр еліме,
Ашық аспан,гүл бітсінші жеріне.










Пікірлер (3)

Арай

Тақырыбы неге бас әріпен жазылмаған?

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

khanov

жарайсың талаюыңа нұр жаусын

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)