Өлең, жыр, ақындар

Болашаққа өсиет

Осы заман,қай заман?
Жаңа өмірге жүз қадам.
Дамудың жаңа жолында
Айбынды тек Қазақстан!
Атадан қалған асыл жер
Ұрпаққа асыл қазына.
Тәуелсіздік айбыны
Келешекке көп мұра.
Ата-баба қанымен,
Сақталды осы қара жер.
Қиыншылық күндерден,
Талмай өткен маңдай тер.
Қаншама болған соғыстар
Айырылдық қанша қазақтан?!
Ер-жүрек батыл батырлар
Сол кезде бізді қорғаған.
Тәуелсіздік жолында
Бізді ойлаған хан-билер.
Аман болсын елім деп,
Майданда жанын бергендер.



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз