О,табиғат,өкпелімін өзіңе...

О,табиғат,өкпелімін өзіңе
Көрсеқызар қызғаншаққа көз бердің,
О,табиғат,өкпелімін өзіңе
Екі жүзді бейбақтарға сөз бердің,
О,табиғат,өкпелімін өзіңе
Сұғанаққа ұзын саусақ қол бердің,
О,табиғат,өкпелімін өзіңе
Имансызға махаббатты коп бердің,
О,табиғат,өкпелімін өзіңе
Мақтаншаққа қызыл улы тіл бердің,

О,табиғат,өкпелімін өзіңе
Қызғаншаққа берген анау көзіңді,
Бейбақтарға тарту еткен сөзіңді,
Сұғанаққа берген ұзын саусақты,
Мақтаншаққа сыйға тартқан тіліңді,
Неге бір сәт ұсынбадың жарлыға?
Жүрегінде иманы бар,пәк жүректі арлыға.






Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)