Өлең, жыр, ақындар

Оян елім

Оян елім, таныт қазақ даласын,
Көрсін әлем әрбір қазақ баласын.
Көк байрағы биіктерден желбіреп,
Әлем бізге басқа көзбен қарасын.

Ешкім біздің алдымызды алмасын,
Артымызға ауыр сөздер салмасын.
Ел атағын ерлер сүйреп алдыға,
Қазақ елі жер әлемді шарласын.

Көкте самғап, қыран құстай зауласын,
Оян елім, тыныш жату болмасын.
Көк бөрідей тартып жегін жемтікті,
Бізден кейін бақа-шаян ауласын.

Біздер едік тектілердің тұқымы,
Талай жаулар артқа қалай шекінді.
Ертіс пенен Еділ, Жайық арасын,
Емін – еркін қоныс теуіп бекінді.

Оян елім, шығар атақ-даңқыңды,
Ел танысын қазақ деген халқыңды.
Көк байрағы көк аспанда желбіреп,
Ұмытпашы ежелгі ата-салтыңды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер