Өлең, жыр, ақындар

Бәрі бітті дегенде басталады

Бәрі бітті дегенде басталады,
Ашылады өмірдің қас қабағы.
Оянады кеудеңде алып арман,
-Қуаныштан жанарда жас қалады.

Соры қалың біреудің бағы басым,
Тағдырыңа амалсыз бағынасың.
Сүймеймін дегеніңді сүйіп қойып,
Сағынбаймын десеңде сағынасың.

Іштегіні көрмейді басқалары,
Жалғыз көңіл үнемі жасқанады.
Қара түнек көшеде адасқанда,
Жаңа бағыт алдыңа тасталады.

Үмітің жанбай жатып көз іледі,
Шипа болмай қояды төзім емі.
Соңғы сәуле күлімдеп үзілгенде,
Өмір сүргің келгені сезіледі.

Түспеді жерге айналып аспан әлі,
Бүгінен бастау керек бастаманы.
Бітсе бітсін бірақта ұмытпашы,
Бәрі бітті дегенде басталады.

Авторы: Нұрбек Бекұлы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз