Өлең, жыр, ақындар

Mәңгілік ел


Батырлардың жалғасымыз
Жүрек пен білек теңескен,
Ақындардың баласымыз
Тіл менен ой тең өскен.

Абырой мен намысты,
Қолдан бермес қазақпыз.
Арыстандай айбатты,
Еркін елміз, азатпыз.

Тәуелсіздік тұғырым
Биік болсын байрағың.
Ұзақ болсын ғұмырың
Бұзылмасын қаймағың.

Әнұраның шарықтап,
Шырқасын мәңгі төріңде
Қыран құсың қалықтап
Самғай берсін көгіңде.

Қуатты халық боламыз,
Жығылмайтын желкені.
Біз бақытты баламыз,
Мәңгілік елдің ертеңі.



Пікірлер (3)

Арай

Жаман емес.

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Модератор

Сайыстың шарты бойынша автор өзі тіркеліп енгізу керек еді.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз