Өлең, жыр, ақындар

Басынан ол да өтер бұл өмір ғой.

Қиялданып басымды тасқа соққам,
Армандаумен жібек жіпке моншақ таққам,
Бірақ та өмір деген алдамшы екен
Ол қиялдан ащы дәм балын татқам.

Әлсіздікті бойымнан талай көргем,
Көп адамға мүмкіндікті жиі бергем.
Сол адамдардан қаншама жапа шегіп,
Кешірмеспін оларды деп серт еткем.

Бақытсызбен деп өзімді кінәлағам,
Ол кезде демеуші болған анам.
Жақсы, жаман дүниеде қатар жүрер,
Соны ұғып соңынан жай тапқам.

Өмірден көп қиындық көрсем де,
Қайғыдан әсем гүлдер терсем де,
Мен мықтымын, берілмеспін ешқашан,
Бұл жалғаннан үнемі түңілсем де

Осы өмірде бәрі болар, бәрі өтер,
Басынан қайғы, соңынан бақыт жетер.
Сондықтан да түңілме сенде досым,
Қиындықта өмірінен сөзсіз кетер.

Қуанатын кезін келді, күлімде,
Әлсізденбе, құлай берме, берілме.
Қуаныш та, қайғы да, қиналыс та,
Басынан ол да өтер бұл өмір ғой.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз