Өлең, жыр, ақындар

"Ұстаз мұңы" Тұңғышбай Жаманқұлов айтатын «Өнер адамы» өлеңінің ізімен

Біздер, біздер шалғайдағы жандармыз,
Ғаламтордан мақрұм болып қалғанбыз.
Болмаса да қолжетімді ғаламтор
Рейтингтегі азды-көпті сандармыз.

Қос журналдың ұстағанбыз тізгінін,
Жоғарыға жетер ме екен біздің үн?!
Үйіп-төгіп бар жұмысты ұстазға,
Мұнша қатты сынап отыр бізді кім?

Біздер, біздер патшадан да паңдармыз,
Біздер, біздер біреулерге арманбыз.
Үйді ұмытып, мектептеміз әрдайым
Бақытынан « қашып жүрген» жандармыз.

Біреулердің оғы жоқтай атарға,
Біздер жүрміз қатерлі бір «сапарда».
Күнделік пен білім лэндке бас сұғып,
Кіріп-шығу міндетіміз жатарда.

Күндіз-түні қағаздан бас алмаймыз,
Жиындардан әу бастан-ақ қалмаймыз.
Оқушымыз қалмау үшін жарыстан,
Барды салып, көлігін де жалдаймыз.

«Күнделігің», «Білім лэндің» толмаса,
дәл сол күні бас кетердей боп тұрады.
«Ұстаз деген-ұлы есім» деп жатса да,
Ешкім бізді шын түсінген жоқ, бірақ.

Бөлмесек те уақытты ошақ басына,
Рейтингерді көтеруге тырыстық.
Ұстаздардың тағдырымен ойнамай,
Жанымызға берсеңдерші тыныштық!

Ұстаздардың ұғатын жан-дүниесін,
Бір жанашыр табылардай боп тұрад (ы).
Қанша айтып, шырылдап біз жатсақ та,
Әлі күнге еш нәтиже жоқ бірақ...



Пікірлер (1)

Жасмина

Жоқ

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз