Өлең, жыр, ақындар

Абай ақын!

Өлең-тауда бір шың бар,Абай атты,
Сол таудан жыр бұлағы тасып ақты.
Тасып ақты,екпіні тасты уатты,
Қырларына бұлт қонып,жасын атты.

Зар заманның түзетпек боп қылығын,
Абай жанын жаныштаған ұлы мұң.
Өткен күннің өнегесін аңсаған,
Жырларының ашылмаған сыры мың.



Пікірлер (1)

Іңкәр Есентаева

керемет өлең, кәзіргі жастар осындай өлең шығара алғаны жақсы ғой?!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз