Өлең-жыр байқауы

Қазақ халқы

Қазақ халқы ежелден-ақ мықты болған,
Өз жұртын жауларынан сақтайтындай.
Қазақ халқы даналардай ойшыл болған,
Хандары еңбектерін мақтайтындай.
Қазақ халқы ана тілін ардақтаған,
Өзге тілге ешқашан сатпайтындай.
Қазақ халқы еңбек сүйгіш халық болған,
Күн сайын еңбек етіп жатпайтындай.
Қазақ халқы жамандықтан аулақ болған,
Жамандық қазақтарға жақпайтындай.
Қазақ халқы жорығында олжа болған,
Жеңіссіз қамалына қайтпайтындай.
Қазақ халқы ат жануарына берік болған,
Мықты етіп аттарын баптайтындай.
Қазақ халқы шаруаға жақын болған,
Жемістерін жыл сайын қаптайтындай.
Қазақ халқы сыр жасырмас халық болған,
Сырларын сары майдай сақтайтындай.
Қазақ халқы ар-ұятты халық болған,
Өз бәлесін өзгелерге жаппайтындай.
Қазақ халқы қыран құстай қырағылық
Қара түнде адасып лақпайтындай.
Қазақ халқы әйелдерге серік болған,
Артық кетіп ұрып-жығып соқпайтындай.
Қазақ халқы қазынаға қызықпаған,
Ұрлап,тонап тықпыштап тықпайтындай.
Қазақ халқы ережеге жетік болған,
Бір қимылмен бүкіл сарбаз тоқтайтындай.
Қазақ халқы ерен еңбек,ерлікті бағалаған,
Қаза болса халқыммен жоқтайтындай.
Қазақтың көріктігі арулары,
Батырлары темірдің шоқпарындай.



.


Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз