Өлең-жыр байқауы

Өзге емес , досқа сен

Өзге айтса өтірік, досың жайлы,
Сенесін де қаласың басың байлы.
Тіпті білмей өтірік , шынындағы,
Қажет емес қоспадай шырындағы .
Дұшпан сөзі - досыңнан айырады ,
Тік басыңды төменге қайырады,
Аузы толған өтірік шуылдайды,
Сасық ауыз пәктікпен жуылмайды.
Өзге айтса өтірік сене қалма ,
Ол сөздерді жүрекке жақын алма !
Ең бірінші, бұл бір сөз қайдан шыққан ?
Өсекшінің сөздері тауды жыққан.
Доспенен сен біп-бірдей күн көрерсің,
Тумасаң да бірге , бірге өлерсің !



Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз