Өлең, жыр, ақындар

Жетім мұңы

Анамды көрмей, өстім мен,
Жетімдікке тап болып.
Екі көзді мұң шалды,
Мөлтілдеп, ыстық жас толып.

Дариға ай! неткен қатал еді?
Құдіреттің әмірі!
Жетім қылдың не үшін?
Жаратқан көкті Тәңірі!

Анам жоқ, жанды жылытар,
Тән емес, жаным жаурайды.
Қинағанша мені бұлай,
Жанымды неге алмайды?

Далада жүрмін тентіреп,
Бір тілім нанға, зар болып.
Бермейді сараң байларың,
Үйінде наны бар болып.

Көңілім суып бәрінен,
Кетіп барам, ары мен.
Жалғанда анаң болғаны,
Шипасы күшті дәріден.

Амал жоқ, көндім бәріне,
Қандырды бейнет зәріне.
Анадай қамқор, пана жоқ.
Ренжідім, тойдым бәріңе.



Пікірлер (3)

Айым

Әсерлі

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Өте керемет

Әсерлі

Пікір қалдырыңыз

Қос аққу

  • 0
  • 0

Жер бетіне шуақ шашып арайлы,
Көкжиектен күн күлімдеп қарайды.
Айдын көлді тебірентіп қос аққу,
Ақ ұлпадай мамықтарын тарайды.

Толық

Жүрегімнің сыңары

  • 0
  • 0

Жүрегімнің сыңары егіздейсің,
Мен тұрғанда, өзгені неге іздейсің?
Бақтың ішін өзге жан аралап жүр,
Маған неге жемісін жегізбейсің.

Толық

Сен кеткелі

  • 0
  • 0

Сүйіп тұрып кетеріңді кім білген?
Кеше жүр ек қырда теріп бүлдірген.
Аққу мойын, аруым қайдасың сен?
Пәк сезімін күлкісімен білдірген.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар