Өлең, жыр, ақындар

Сағындық ата өзіңді

Төбемдегі жарқыраған күнім едің,
Айы жарық,жұлдызы жарқын түнім едің.
Еске алып,атажаным ойлап сені,
Жүрегімде жыр жазылды бүгін менің.

11 жыл болды асқар тауым құлағалы,
Іштен тынып, жанымды мұңға шылағалы.
Ұл-қыздарың жоқтығыңа көне алмай аташым,
Жиендерің жүр сағынып сені нағашым!

Сені іздейміз бейтаныс жанның жанарынан,
Сені іздейміз қытымыр қыстың қаҺарынан.
Сені іздейміз жаздың жаймашуақ күндерінен,
Сені іздейміз күздің қара суық түндерінен.

Қалың ойға шомылып,өткен күнге үңілдім,
Өзің бар сәтті еске алып,бірде жылап,бір күлдім.
Тамырынан айырылған мәуесіз ағаштай боп,
Өзіңді ойлап жалғанда мынау түңілдім.

Білесің бе?! Сағындық ата өзіңді,
Таза бұлақтай мөлдіреген көзіңді.
Құшағыңа алып,әрқайсымызды иіскеп,
Сағындық ата «құлыным» деген сөзіңді.

Жаным,атам әрқашан биік шоқтығың,
Жанға батты бұл фәниде жоқтығың.
Сен кеткенде күңіреніп жатты елің,
Сарғайып,сағынады-ау халқы өз ерін.

Сенің қолың жетпеген арманыңа жетеміз,
Сен өтпеген көпірдің өткелінен өтеміз.
Өзіңе деген сағыныш ұшы-қыры жоқ теңіз,
Ұрпағыңды қолдап-қорғап,жебеңіз.

Жігерімді құлатып,жүрегімді жылаттым,
Сен кеткен соң жылдар бойы жан дүниемді жұбаттым.
Пейішің нұрға толып атажан,
Жаның болсын ақ төрінде жұмақтың!



Пікірлер (7)

Олжас Генерал

Қарындасым, құтты болсын қадамың! Бірінші емес шығарған бұл өлеңің, Атаны еске алғаныңа ризамын! Өркенің өссін.

Асыл апан

Дана, атана арнап жазган оленин кандай керемет, мандайында жулдызын жанган баласын, жырлай бер, акындыгын арта берсин!!!

Шынар

Дана,керемет! Атамды көрмеп едім, сен таң қалдырдың.

toktarkanovad

Рахмет барлықтарыңызға????????

Галия Каратаевна

Дана, алтыным менин! КЕРЕМЕТ! Соз жок! Атына затын лайык! Бийык шындардан коринебер ылги, устазын ретинде сени мактан етем!Саган акжол тилеймин!

Акерке

Ата, жаның болсын ақ төрінде жұмақтың!

Нұрайым

Эхх осыны оқып үстінде қарап тұрған атамды сағындым

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз