Өлең, жыр, ақындар

Жүрегім өлді...

Білмеген екем,
жүректің тірідей өлетінін
Жалындап тұрып,
жалп етіп, мәңгі сөнетінін...
Қыршын-сенімнің
өксігін жерлеп өзіне,
Қуанбай.
Күлмей.
Жыламай оқитынын,
өз "өкімін"
Жүрегім өлді,
Бір сәтте көріп,
бүкіл өмірден көретінін...

Жүрегім өлді!
Жігерім жасыды бойдағы.
Ашу.
Ақылдың
Ізі де қалмады ойдағы.
Қалыңдықтаймын
ойнақтап жүріп от басып,
"Желек деп" киген
"кебінін" жыртқан тойдағы...
Жүрегім өлді!
Бір сәтте қирап,
бүкіл ғұмырдың ойраны.

Жүрегім өлді...
Өтірік өмірде қызық жоқ
Өксіп.
Өкініп.
Жазылам несін,
жырың боп?!
Құрысыншы бәрі...
Құлтемір де бір, мен де бір
Адыра қалғыр,
айнаға қарар түрім жоқ...
Жүрегім өлді!
Құтылдым!
Қайғы-мұңым жоқ.



Пікірлер (2)

Akgul1992

Каламыныз мукалмасын. Терен ойлы, иірімі мол олен екен. 

arshynkerei

Бақытты бол, ботам! 

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер