Өлең, жыр, ақындар

Ата-анаға тағзым

Әкешім асқар тауым, мұнарымсың,
Жігер берер көңілге шынарымсың.
Өмірдің не бір қилы сынағына,
Балаң үшін әр кезде де шыдағансың.

Сізден алдық тәрбие, тәлімді де,
Азамат боп өсіп келеміз, қазір міне.
Аман болшы әкешім, асқар тауым,
Қарыздармыз біз сізге мәңгілікке.

Анашым бұлағымсың, мөлдір, тұнық,
Өмір есігін аштырдың қиналсаң да,
Қарыздармыз біз сізге мәңгілікке.
Ауырмашы анашым әрқашанда.

Анашым шуағым боп нұрын шашқан,
Күлімдеші, нұр жүзіңе арай шашқан.
Ешкімде тең келмес, бір өзіңе,
Таңым боп әр күн сайын күліп атқан.

Құл болсаң мойынсынғың тәңіріңе,
Ата-анаңның құлақ салғын әміріне.
Өлген соң қабірінде жыламаңдар,
Тірісінде жетпесеңдер қадіріне.

Дүниенің түбіне жете алмаспыз,
Қадірін үлкендердің қазір ұғын.
Алланың разылығын ала алмаймыз,
Алмасақ ата-ананың разылығын.

Бас иелік әрқашанда анамызға,
Әлемнің әке дейтін данасына.
Қамшының сабындай-ақ бұл өмірде,
Қымбаттардың жетейік бағасына.

Әкеміздің қай кезде де мінезі ауыр,
Сондықтан да көп ойлана, арлана біл,
Алғысын алған болсаң, көңілге нұр.
Нұр төгілер жақыныңа, досыңа да.

Достарым ауыртпайық анамызды,
Бағып-қақты сәби кезден олар бізді.
Аялайық анамызды баласы боп.

Қалдырмайық ұятқа ата-ананы,
Сақтайық біз ақылын жанашырдың.
Біздерді қалай аялап, әлпештесе,
Біз де оларды құрметтейік, бар асылдың.



Пікірлер (5)

Aizhan201075

Ата - ананы силаған жанның өзі де сыйлы болады.Керемет!

Каракат

Керемет олен онерин орге жузсин шыгарган жан

Сарсекул Мөлдір

Өте керемет айтылған

Айханым

Өте күшті керемет

Инабат

Өте жақсы жазылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз