Өлең, жыр, ақындар

Түн неге?

Түн неге?

Түн неге?
Тым қолайлы ойлануға?.
Күндізгіні құмар-ау ойға алуға,
Түн неге?
Тым қолайлы тойлануға?
Бұл не ойлану ма?
Ойлану да.

Түн неге?
Адамдарға мұнша жарық?.
Жарық та жоқ қалған ол тұмшаланып.
Осы кеште қыздардың әсем жүзі
Бояулардан кетеді ұнша ағарып
Әй..құрғыр өтеді ғой оны қойшы,
Бізде ағарып кел,досым мұң шағалық!

Түн неге?
Тәтті ұйқыны күзетеді?.
Жұлдыздардай ойыңды жүз етеді..
Бүгінгі мың ойыңды түзетеді
Сөйтеді де өзіңді күз етеді
Тәтті ұйқыңды сонда да күзетеді!.

Түн неге?
Сонша момын тұнықталған?.
Күндізгі оянар ой тұнып қалған!
Тіріледі арманың ұмыт қалған!
Тек сенің әлеміңде құлыпталған!
Түннен басқа осындай керемет сәт,
Әлемде құрып қалған!

Түн неге?
Сенің шерің тарқамаған?.
Түн неге?
Сүйегішсің арқа маған?.
Бірақ мен де саған мұң арта да алам
Түн неге?
Түн сондай құдыретті,
Қанша адамның бар сырын арқалаған!

Түн неге?
Әлем сыйған кең жүрегің?.
Жүрегіңнің ішінде мен жүремін!
Соны ойласам тапқандай ем жүрегім.
Жүрегі бар жүрексіз адамдардан
Білсең ғой мен жүдедім,
Мен жүдедім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі поэзия

  • 0
  • 1

Бұлттардай алдамшы мамықтың
Өзіне алданып қамықтың
Сырласың мен болып сол күні,
Көзіңнен жас болып тамыппын

Толық

Құрдасыма

  • 0
  • 0

Дұрыс па мінезімді өрімдесем,
Өрімдесем,отырғын төрімде сен
"Менің сөзім бұл қызды шаршатты"-де
Жоғалып,бір күндері көрінбесем.

Толық

Өз өзіңмен сырласу..

  • 0
  • 1

Жас көңілің ұялшақтау жасық тым..
Сен сонда да бір қадамға асықтың
Сен туралы мың ойлансам жазықтым,
Білемісің бір-ақ өлең жазыппын..

Толық

Қарап көріңіз