Өлең, жыр, ақындар

Ұстазым

Ұстазым

Біз кешпеген өмірдің ақ қарасын
Жалықпай соны үйретіп ақтарасың
Біз түгіл бүкіл әлем бас иеді
Ешбірі өзіңдей жан таппағасын.

Сынға сынбас ұстазым шыдамдысың
Шыдамдысың,соншалық шыдам күшің.
Адамды тұлға етіп жеткізуде,
Кел-келгеннің жетпейді бұған күші!

Ұстазыма бүкіпесіз сырым мәлім
Сырым мәлім және де жырым,әнім
"Құласаң да қанша рет талпынған жөн"
Үйрендім өзіңізден мұның бәрін!

Жарығын жағып талай түнектердің,
Мектептен түлеп ұшқан түлектердің
Лаулатып,сөнбестей қып отын жаққан,
Кішкентай,жұдырықтай жүректердің!



Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Ұлағат

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Құрдасыма

  • 0
  • 0

Дұрыс па мінезімді өрімдесем,
Өрімдесем,отырғын төрімде сен
"Менің сөзім бұл қызды шаршатты"-де
Жоғалып,бір күндері көрінбесем.

Толық

Өз өзіңмен сырласу..

  • 0
  • 1

Жас көңілің ұялшақтау жасық тым..
Сен сонда да бір қадамға асықтың
Сен туралы мың ойлансам жазықтым,
Білемісің бір-ақ өлең жазыппын..

Толық

Түн неге?

  • 0
  • 0

Түн неге?
Тым қолайлы ойлануға?.
Күндізгіні құмар-ау ойға алуға,
Түн неге?

Толық

Қарап көріңіз