Өлең, жыр, ақындар

оян,халқым

Құраған ақындардың жыры ағат па.
Ақтарған шындығымен сыры ағат па.
Қазақы қара сөзідің құны жоқ па,
Шаң басып жататындай мұрағатта.
Қазақша бір кітапты оқып шықсаң,
Көп болса кетеді ғой бір ақ апта.
Шала қазақ тілімді шұбар қылып,
Жамаудан жыртық көрпе құрамақ па.
Басқан соң жаңа қадам ғасырға біз,
Тілім қайда деп балаң сұрамақ па.
Міржақып "Оян қазақ"деп айтқан соң,
Мінетін кез келді ғой қыран атқа,
Қорлауға қазақ тілін жол бермеңдер,
Өр рухы көк түріктің тұр алапта.
Қазақ қан қайнап тұрса тамырыңда,
Қандасым қазақ тілін тұралатпа



Пікірлер (1)

Айым

Тақырыбы бас әріппен жазылмаушы меді?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз