Өлең, жыр, ақындар

Фаризаға арнау

Қызы едің текті ақын ,киелі елдің,
Жыры нәзік ,ойы бір есіл ердің.
Қазақ елі ардақтап Фаризасын,
Жырларына тәу етіп бас иетін.

Қос перзенті қазақтың елге сыйлы,
Мұхағали мен Фариза –Алла сыйы.
Бірі ер,бірі жыр боп ел есінде,
Сақталады тарихта мәңгі есімі.

Өзіңсіз өтіп жатыр жыр- көктемім,
Әр сөзімде ізің бар жыр -төкпенің.
Сыздаған жан ,жұректі жырмен емдеп
Жыртығын жырмен жамап ,ем іздедім.

Тұрғанда ұрпақ та аман,заман да аман,
Ұмытпаймыз жырыңды елге арнаған.
Жеткіземіз жырыңды болашаққа,
Ұялатып әр қазақтың жүрегіне.



Пікірлер (1)

Мария

Фариза Оңғарсынованың өлеңдері өт керемет.Осындай өлеңдер көбейе берсін.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз