Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ауыл

Ауылым

Тебіренсем, толғансам ауыл жайлы,
Ауыл жайлы...мейірбан қауым жайлы.
Мұржадан будақтаған түтін...шіркін!
Ондай жұпар еш жерден табылмайды!

Өмірден біз емес ек түңілетін,
Ауылдың сонда, бәлкім, құдіреті.
Өрістен қайтқан малды күтіп алып,
Қозы-лақты иіскеп ап, жүгіретін.

Аңсаған кездерімде ауылымды,
Тай-құлындай тебіскен бауырымды.
Жүрегіме гүл-көктем орнай қалар,
Ұмыттырар зілдей шер, ауырымды...

Ауылымда ең алғаш еркеледім,
Махаббаттың сонда естіп өрт өлеңін.
Бәйшешектер теретін көктем кезі ай,
Не деген керемет ең, көркем едің!!!

Ғаламаттар сезіліп ақ таңыңнан,
Ауыл бізді ақын мен патша қылған.
Шаң көтеріп, шалдарды шулатушы ек,
Күн ұзаққа жармасып ат жалынан.

Есімде кештерім де доп тебетін,
Темекі деп, қураған шөп шегетін.
Біздің ауыл керемет, демалысқа,
Басқа ауылдың қыздары көп келетін.

Оның бәрі өткенде, баяғыда,
Жегіздік те, жедік те таяғың да.
Мәре-сәре кездерім, түсіме еніп,
Шақырады...құшағын жаяды да.

Ұнатсаң, қабыл алшы, осы әнімді,
Ұнатпасаң, қабыл ал, осы әнімді.
Айрандайын ұйыған ауылым ай,
Өшірмесін Тәңірім ошағыңды!

Айтуар Боранбайұлы.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...