Өлең-жыр байқауы

Бәрі жақсы

Бәрі жақсы
Бәрі күшті

«Бәрі  жақсы , керемет , бәрі  күшті »
Күн  сәулесі  сүйсініп   тағы   құшты,
Жүрек  жаным  сезімге  бағынышты,
Жақсы көрем ып-ыстық сағынышты.
« Бәрі  жақсы , осының , бәрі күшті »

Өз    еркімде   себепсіз   жабығуда,
Күйе  алады қуаныш  жаным у - ға.
Өз  -  өзімді   табамын    жаңылуда,
Кереметі    хақым   бар    сағынуға.

Өзін -  өзі    сыйламаған   оңбайды.
Құлағанда тұра алмасаң сол қайғы.
Бағаласаң   басқа  бағың  орнайды,
Одан асқан жақсы күнің болмайды.

Айға қарап ынтығып жұлқынды күн,
Жете   алмады  құсадан  іркілді  мұң.
Жер  үстінде  жаралған  адам болып,
Бақыттымын   бітпейді  мүмкіндігім!

«Бәрі жақсы , керемет , бәрі күшті»
Алла    өзі    береді    бақ   ырысты.
Өмір  маған сыйлады сағынышты,
Еш  пендеге  емеспін жалынышты.
« Бәрі жақсы шыдасаң бәрі күшті »

Авторы: Нұрбек Бекұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз