Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік жолында

Өткердік талай ауыр күндерді бұралаң.
Хақ Тәңір беріп, тілегімізді сұраған.
Егемендіктің жолында,
Кетпедік жаттың қолында.

Қаншама боздақ,
Қыршыннан кетті игілігі үшін ертеңнің.
Шырағы маздап,
Шырайы кірді, содан соң ұлы өлкемнің.

Бабамның қаны төгілді бұл кең далада,
Елімнің тасы.
Анамның жасы,
Домалап өрге орнады сенім санаға.

Ауыр мұң кернеп,
Құлашты сермеп.
Дәм татып көрмек,келсек те қарсы сындарға,
Қуаныш кернеп ұмтылдық биік шыңдарға.

«Алла» деп алға!
Қиындықтарға .
Қадамдар бастық шүкір деп айтып әр күнге,
Қарадық тура жалтақтамастан әркімге.

Дұшпанды жеңіп,
Ертеңге сеніп.
Кереге кеңіп, Тәуелсіз қазақ атандық!
Айналдық әсем, қуатты елге жаһандық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз