Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік күні

Бұл күндері төбем көкке жетпей жүр,
Азат күннің бәрі дерлік ғажап күн.
Тәуелсіздікке жиырма жеті жыл толды,
Дами берген алға басқан, қазақ бұл.

Нұр атамыз бастаған көш басымен,
Қазақ елі әрдайым алға бастың.
Ерінбей еткен, елбасым, еңбегіңмен
Мақтанына айналдың, сен Алаштың.

Азат күннің әр уақыты ертегі,
Әр тасы да тарихтан сыр шертеді.
Тәуелсіз, дамыған, озат ел қатарына,
Қосыламыз, ант етемін, ертеңгі.

Тәуелсізбін! Азатпын! Байтақ елім,
Аманаты ата-баба дархан жерім.
Арыстандай айбатымен қорғап қалған,
Ұлтарақтай жерінде бермеді ерім.

Арманым тәуелсіздік болса мәңгі,
Бұл ұғымның негізінде зор мәні.
Мен үшін тәуелсіз ел болып қалу
Әрқашанда, маңызы жоқ қалғаны.

Шіркін-ай! Қандай бақыт бұл деген,
Елбасымыз ұстап тұрған туменен
Өркендейміз, көркейеміз, жасаймыз,
Мақтанамыз кең байтақты жерменен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз