Өлең, жыр, ақындар

Бағалай біл

Таң атар да,күн батар күйбең өмір,
Бүгінің мен ертеңді ойлап көр бір.
Барыңды қолдағы алтын қазынадай,
Қадірлеп тіршілікте бағалай біл.

Бағалай біл, кір шалмас көңіліңді,
Алла берген жап - жақсы өміріңді.
Бағалай біл, мызғымас кең дала мен,
Өзің туып жетілген өңіріңді.

Бағалай біл тым тəтті сəттеріңді,
Ұмытқын да өткінші "əттеңіңді".
Құласаң да түрегел, тек алға бас,
Кірлетпе үміт дейтін дəптеріңді.

Бағалай біл, бақытты күндеріңді,
Дос бауырмен шалқып бір күлгеніңді.
Бір кірпіш боп қаланып дүниеде,
Орын тауып, адам боп жүргеніңді.

Бағалай біл тап-таза сезімді де,
Балғын бала шақтағы кезіңді де.
Ақылдыға дос болып, сабыр сыйлар,
Бағала аса қымбат төзімді де.

Бағала қорғаныңды отан деген,
Ұлы анаң кім? - десе,- "Отан" дер ем.
Бұл фəниде Отансыз күнің күн бе?
Əрқашанда бағалап,қорғап келем.

Бағалай біл анаң мен əкеңді де,
Солардай біреу бақыт əперді ме?
Əкең болса аузыңа барын тосып,
Анаң сені өмірге əкелді де.

Бақыт қой қолға конар ақ шағала,
Сол шағала шалшық көлге қона ма?
Мөлдір мақсат,ізгі арман жалғасып,
Қалықтай бер, тек төменге қарама!



Пікірлер (2)

Сая

Мағыналы

Азиза Қайратқызы

Өте керемет жарайсың сен осындай өлең шумақтар жаза бер.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз