Ұлыма өсиет

ҰЛЫМА ӨСИЕТ

Тоғыз жыл бұрын,он сегізі мамырдың
Дүниеге ұлым келді,Аллам беріп әмірін
Қуанғаннан төбем жетпей көке бір,
Әкеліктің сонда білдім қадірін

Аллам берді,шет қалдырмай сыйынан,
Қолды жайып,шын жүректен сыйынғам,
Бас айналды қуаныштан,шаттықтан
Бақыт деген осы шығар бұйырған.

Ұрпағымды жалғастырар,ұлым келіп өмірге,
Гүлге оранды мына байтақ өңірде,
Ұлыма айтар өсиетім меніңде,
Әкең жаққан мына отты өшірме,

Достарыңның қалып жүрме көшінде,
Байлық қуып,малыңды сен көпсінбе,
Адалдық пен арыңды алға қой,
Өтірікке жоламағын,осы болсын есіңде,

Бұрылысы көп болады,әлі талай жолдардың,
Түзу жолды жаңылмай балам таңдағын,
Мына өмір мұз секілді тайғанақ,
Аяғыңды еппен басқын,таймағын.

Әке-шеше қадірлегін,сыйлағын
Ақша емес,ақыл болсын жыйғаның,
Барлығын да шын ниетпен қабылдап,
Санаңа артық болмас құйғаның.

Қ.М

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...